Инспекторды мерт еткен браконьерлердің ісі сотқа жетті

1222

"Охотзоопромның" инспекторы Ерлан Нұрғалиевті атып өлтірген браконьерлердің ісі бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа түсті.   

Инспекторды мерт еткен браконьерлердің ісі сотқа жетті

Тәртіп сақшысын жазым етіп, екінші инспектор Пётр Ницыкті де жаралаған күдіктілердің саны 7-еу. Бәрі Қызылорда облысының тумасы.

Браконьерлер бірінші күні ғана 17 ақбөкенді атып, мүйіздерін кесіп үлгерген. Көліктеріне мініп, екіге бөлініп ізін суытпақ болғандардың бірін қос инспектор қуып жетіп, үш браконьермен қанды айқасқа түскен. Салдарынан, бірі ауыр жараланып, бірі ауруханада көз жұмды. Енді жеті күдіктінің үшеуіне қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Ішінде адамды аяусыз өлтіру фактісі де бар. Қалған төртеуі ерекше қорғаудағы аңды заңсыз аулағаны үшін тергелуде. Кісі өлімінен бөлек браконьерлердің келтірген шығыны 45 млн теңге деп есептелді.

Істі Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудан аралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев қарайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу