Ипотекалық бағдарламасыз коммерциялық баспаналар сатылмай қалуы мүмкін

571

Жұрт табысының азаюы құрылыс компанияларының дегбірін қашырды. Кәсіпкерлер "салған үйлеріміздің иесі табылмай қала ма" деп қатты алаңдап жүр. 

Ипотекалық бағдарламасыз коммерциялық баспаналар сатылмай қалуы мүмкін

500 мың шаршы метр баспана тұрғызуды көздеген өңірде ұсыныс сұраныстан асып түсуі мүмкін. Бұл ретте құрылысшылар ипотекалық бағдарламаға алақан жаюдан басқа амал жоқ дейді. Қажетті материалдарының шамамен 50 пайызға қымбаттағаны тағы бар. 

Биыл құрылысшылар үшін ауыр жыл болды. Тауарлардың үздіксіз қымбаттауы олардың табысын төмендетіп жіберген. Мтериалдардың 50-60 пайызы шетелден тасымалданды. Жалпы, импорттың 40 проценті ресейлік өнім. Қымбатшылық теңгенің құнсыздануына әкеп соғуда.

"30 жылда теңге 11 300 пайызға өсті. Ал, доллар 104 процентке қымбаттады. Бір жылда жалақы шамамен 26 пайызға өсті. Ал, құрылыс материалдары 45-50 процентке қымбаттаған. Тұрғындардың баспана сатып алу мүмкіндігі төмендеді. Ипотекалық бағдарламаларсыз сатылмай қалуы да мүмкін", дейді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Кәсіпкерлер инфлияцияға орай қаржы мәселесімен бас ауыртып жүргенде облыс басшылығы олармен алға қойған ауқымды жоспарымен бөлісті. Құрылыс қарқынын ұлғайтып, биік, зәулім үйлер тұрғызуға тапсырыс беруде. Елді мекендердің сәулетіне көркейтсек дейді.

"Жылына 500 мың шаршы метрден кем емес тұрғын үй құрылысын жасау қажет. Ең бастысы біздің орталық, қаланың орталық өңірлері мен аудандарды жақсарту қажет", деді  Облыстық құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов. 

Келер жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын баспана құны шаршы метріне 220 мың теңгеге тұрақтайды. Биыл баға 140-180 мың шамасында болды. Ал, коммерциялық тұрғын үйлердің құны қалай құбыларын мамандар дөп басып айта алар емес.

"Баспананың бағасы тек құрылысшыларға ғана байланысты емес, нарыққа, құрылыс материалдарына байланысты. Біріншіден құрылыс материалдарының өсуі есер етеді, екіншіден ипотекалық бағдарламалар. Мемлекет тарапынан көмек бола ма , болмай ма? 7-20-25 бағдарламасы аяқталып қалды", деді Құрылыс компаниясының басқарушы директоры Төлепберген Қойшыбаев.

Мемлекет ипотекалық бағдарламалар арқылы жәрдемдесепесе коммерциялық баспана салу көлемі айтарлықтай азаяды дейді құрылысшылар. Инфлияция өсімінің салдарынан халықтың әл-ауқаты, баспана сатып алу мүмкіндігі төмендеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу