Ипотекалық нарықта қандай өзгеріс болуы мүмкін?

805

Бір жылда республикалық бюджеттің шығыны 9 пайызға артқан. Қаңтар мен мамыр аралығында қазынадан былтырғыға қарағанда 6 трлн 600 млрд теңге артық жұмсалыпты. Осынша ақша қайда кетті деген сұрақ туындайды?  

Ипотекалық нарықта қандай өзгеріс болуы мүмкін?

Қаржы министрлігінің дерегінше, бес айдағы шығындардың басым бөлігі әлеуметтік көмек пен жәрдемақыларға тиесілі – 1,7 трлн теңге, бұл былтырғыдан 8% - ға артық. Екінші орында - білім беру саласы. Оған шамамен 1 жарым трлн теңге жұмсалған, денсаулық сақтау саласы болса 805 млрд теңгемен үштікті түйіндейді. Айтпақшы, бұл салаға құйылған қаржы 10 пайызға артыпты. Ал өнеркәсіп, сәулет және құрылыс саласының шығындары, керісінше, 57% -ға, қысқарған. Отын-энергетика кешені мен жер қойнауын пайдалануға да бюджеттен 12% -ға азырақ ақша бөлінген. Есесіне, мемлекеттің қарыздарына қызмет көрсету шығындары бірден 45%—ға өсіп кеткен. 5 айда берешектерге қазынадан 560 млрд теңге жұмсалыпты.

Жалпы, елдегі ипотекалық бағдарламалардың қызығын кімдер көріп отыр? Осы тақырып сарапшылармен бірге талқыланады. Толығырақ AtamekenBusiness-те:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу