Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында:
"Геологиялық барлау ісі айрықша назар аударуды қажет етеді. Еліміздің минералды шикізат базасын толықтыру үшін 2018 жылы тау-кен саласын басқару мәселесіне қатысты жаңа заңдар қабылданды. Бірақ заң талаптары толық орындалмай жатыр. Соның салдарынан табиғи ресурсқа қанша бай болсақ та, көптен бері ауыз толтырып айтатын геологиялық жаңалық ашылған жоқ. Ахуалды дереу өзгерту керек.
Тау-кен саласын басқару жүйесін жуық арада жаңғырту қажет.
Жобаларды келісуге қажетті рәсімдер мен оның мерзімін кешенді мемлекеттік сараптама жасау және толық цифрландыру тәсілін енгізу арқылы екі есе азайту керек" атап өтілді.
Үкімет алдына тау-кен секторын басқару жүйесін қысқа мерзімде жаңғырту, кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процесті толық цифрландыру арқылы жобаларды келісу мерзімдері мен рәсімдерін қысқарту міндеті қойылды.
Жоғарыда аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы 2023 жылғы 28 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының мыналарға бағыттаған Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды:
көмірсутектерді геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын арттыру:
- сейсмикалық барлау нәтижелері бойынша айыппұлсыз ұңғыманы бұрғылаудан бас тарту;
- қарсы міндеттемелерді бекіте отырып, жұмыстарды толық аяқтау үшін бағалау мақсатында барлау кезеңін ұзарту;
- бір тұлғаға тиесілі жер қойнауы учаскелерін кеңейту/азайту рәсімін оңтайландыру;
- жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционға қатысу үшін құжаттар тізбесін қысқарту.
Сарқылатын кен орындарына инвестицияларды ынталандыру:
- кен орындарын сарқу өлшемдері және жер қойнауын пайдаланушылардың қарсы инвестициялық міндеттемелері анықталды.
жер қойнауын пайдаланушылар үшін әкімшілік шығыстарды, оның ішінде "қағаз жүзінде келісу" мерзімдерін қысқарту және базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу рәсімдерін оңтайландыру арқылы:
- БИОК сараптамасынан, жердегі барлаудың іздестіру сатысының жобалық құжаттарынан және жобалаушының қадағалауынан өтпей, хабарлау тәртібіне көшу;
- экологиялық күн тәртібіне нұқсан келтірмей, экологиялық сараптама жүргізгенге дейін негізгі жобалық құжаттарға мемлекеттік сараптама жүргізу;
- негізгі жобалық құжаттарға мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде бұрын жүргізілген қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді бағалауды ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға енгізілген өзгерістерге экономикалық сараптаманы алып тастау;
- жер қойнауын пайдаланушылар жіберіп алған жағдайда ресми негіздерді жою мақсатында өндіру мерзімін ұзарту туралы өтініштер беру мерзімін қысқарту;
- құзыретті орган анықтаған техникалық қатерлер жойылғаннан кейін, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционға қатысуға өтінімді қайта беру мүмкіндігі.
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде құқық қолдану практикасында орын алған олқылықтар мен қосарланған түсiндiрулердi жою:
- дайындық кезеңінде жүзеге асырылатын жұмыс түрлерінің толық тізбесін бекіту;
- Ұлттық пошта операторында жер қойнауын пайдалану салдарын ликвидациялау үшін ақшаны сақтау мүмкіндігі;
- жер қойнауын пайдалану саласындағы бизнес-процесстерді цифрландыру бойынша пилоттық жобаларды ерікті негізде жүргізу;
- жер қойнауын пайдалану құқығына және онымен байланысты объектілерге ауыртпалық салудың жеке тәртібін белгілеу.
ірі кен орындарындағы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның үлестік қатысуының ең төменгі мөлшерін (50% және одан да жоғары) бекіту.
Заңды іске асыру жыл сайын 200 миллиард теңгеге дейін бағаланатын көмірсутектер саласындағы геологиялық барлауға инвестицияларға қосымша серпін береді.
Сонымен қатар, Заң сараптамалардың барлық түрлеріне қажетті уақытты 8-12 айға және рәсімдердегі әкімшілік кедергілерді жоюды 2 еседен астам, яғни 120 күннен 50 күнге дейін қысқарту арқылы практикалық геологиялық барлау жұмыстарына жедел көшуді ұсынады.
Жалпы, Заң 2023 жылғы қаңтарда "Жақсартылған модельдік келісімшарт" тетігін енгізуден басталған көмірсутектерді жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаның жалғасы болып табылады, ол қысқа мерзімде салаға шамамен 9,0 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестиция ағынын қамтамасыз етуге, "Шығыс Өріктау" кен орнын іске қосуға және бірқатар газ кен орындарын сынақтан өткізуге мүмкіндік берді.