10 өңірде іскерлік белсенділік нашарлаған

1438

Ұлттық банк жаңа жылдың бірінші айындағы іскерлік белсенділік индексін жариялады.

10 өңірде іскерлік белсенділік нашарлаған

Оған сенсек, көрсеткіш төмендеген желтоқсанда – 50,6, ал қаңтарда 50,0.

Негізгі себеп құрылыс пен қызмет көрсету саласында тапсырыс және жұмыспен қамтудың азаюына байланысты. Әйтпесе, ақпаратқа сенсек, өнеркәсіп индексі жоғарылаған.

Аймақтар арасында қаңтарда жеті өңірде іскерлік белсенділік жақсарып, 10 өңірде нашарлағаны байқалды. Жоғары деңгей Солтүстік Қазақстан (60,7) мен Түркістан (54,4) облыстарында, төмен деңгей Қызылорда облысы (44,1) мен Алматы қаласында (44,7) көрінді. 

"Қызылорда облысы мен Алматы қаласында іскерлік белсенділік жоғарыда аталған үш секторда да төмендегенін атап өткен жөн", – дейді Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов.

Қаңтарда бизнес жағдайы да "теріс бағаланды". Оң және кері бағалардың айырмасы (-) 2,3 болған.

"Кәсіпорындар сұраныстың төмендегенін атап өтті. Инфрақұрылымның бағалауы да бір жыл ішінде алғаш рет теріс мәнге ие болып отыр. Қаржы/несиенің қол жетімділігін қоспағанда, басқа факторлардың бәрі бойынша кері бағалау басым болды", – дейді Шаймарданов.

Дегенмен алдағы алты айға болжам бойынша, бизнес жағдайына қатысты оптимизм жоғарылаған. 

Қаңтарда жүргізілген сауалнамаға 459 кәсіпорын қатысқан. Оның ішінде құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 175, қызмет көрсетуде – 217.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу