Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек жіберді

600

Бұл көмек коронавирус індетімен күреске жұмсалады.

Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек жіберді Фото: РИА Новости

Израиль Қазақстанға індетпен күреске бағытталған 4,5 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл туралы Израиль елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жүктің ішінде дәрігерлерге арналған қорғаныс костюмдері бар, олар медицна қызметкерлерінің денсаулығын сақтап, вирустың таралуын тежеуге көмектеседі. Гуманитарлық көмекті Израильдің халықаралық серіктестікті дамыту жөніндегі МАШАВ агенттігі көрсетіп отыр",  – деп жазылған ресми хабарламада.

"Коронавируспен күрес әлемді толғандырып отырған ең негізгі мәселе. Қиын кезде достарымызға қолдау көрсету біз үшін өте маңызды", – дейді Израильдің Қазақстандағы елшісі Лиат Вексельман.

Елшіліктің айтуынша, израильдік дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне кеңес беріп, видео конференция барысында дертті емдеуге қатысты тәжірибелерімен алмасуда.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу