Кадрлық саясатты бұзған JPMorgan 200 млн доллар айыппұл төлейді

874

Кадрлық саясатты бұзған JPMorgan 200 млн доллар айыппұл төлейді

JPMorgan Chase банкі АҚШ билігіне 200 млн доллар айыппұл төлейтін болды. Мәселенің мәнісі, банк ҚХР-да тиімді келісімшарттарға қол жеткізу үшін қытайлық ықпалды шенеуніктердің балаларын жұмысқа қабылдаған, деп хабарлайды Bloomberg-ге сілтеме жасаған "Ъ".

Басылымның дерегі бойынша, банк АҚШ-тың құнды қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына шамамен 130 млн доллар және тағы 70 млн долларды барлық шағымдарды алып тастау үшін Әділет министрлігіне төлейді. АҚШ билігі аталмыш банкті 2013 жылғы тамыздан бері тексерді. Себебі JPMorgan-ның тоқсандық есебі күдік тудырған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу