Қаңтар оқиғасы: Полициядан зардап шеккендерге өтемақы беріле ме?

1368

Мәжіліс отырысында депутаттар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкіліне қаңтар оқиғасы туралы сұрақ қойды. 

Қаңтар оқиғасы: Полициядан зардап шеккендерге өтемақы беріле ме?

"Заң бұзған полиция қандай жазаға тартылады. Билікті асыра пайдаланудан келген шығында қалай өтеп бермек?", – деп сұрады депутат Еділ Жаңбыршин.

Оның айтуынша, шетелдік құқық қорғау ұйымдары біздің құқық қорғау органдарды азаптау туралы мәлімдемелерді "мұқият қарауға", "адам құқықтарын сақтауға" шақырып мәлімдемелер жасағаны – "жағдайдың ушыққанын" көрсетеді. 

"Маңғыстау тұрғындары бейне жолданымдар жолдады. Халық ұсталғандарды босатуды сұрап отыр. Біздің әріптестер Алматыда ұсталған адамдардың арыз-шағымдарын тыңдады. Олар алғашқы күндері құқық қорғау органдары қызметін асыра пайдаланды деп айтты", – дейді Жаңбыршин. 

Депутат сұрағына жауап берген бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің мәліметінше, тергеу кезіндегі заңсыз әрекет бойынша 250 арыз түсіп, 133 іс қозғалған. 

"Істер тергеліп жатыр. Прокурорлардың қатаң бақылауында. Тергеуші әр істі прокурормен келісуге міндетті", – дейді ол.

Ал Ішкі істер министрлігінің өкілі Мұрат Баймұқашев "зардап шеккендерге өтемақы заң аясында, сот шешімімен іске асады" дегенді айтады.

"Полиция мекемелеріне жаппай бейнебақылау орнатылып, жауап алуға арналған әйнек кабинеттер кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Қоғамдық бақылау мүшелеріне барлық пенитенциарлық және полиция мекемелеріне кез келген уақытта кіруге рұқсат берілді", – дейді Баймұқашев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу