Сонымен қатар, "Нур-СХ" ЖШС алаңында өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу өтті.
Министр агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі қолдау және дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабар берді.
"Ағымдағы жылы Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасады. Саланы жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 3 еседен астам ұлғайтылып, 580 млрд теңгені құрады. Алғаш рет көктемгі егін жұмыстарын несиелеу, егін жинау науқаны және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін арзандату тетігі қолданылды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары барлық қажетті агротехнологияларды қолдана алды, сапалы тұқымдар мен тыңайтқыштар сатып алынды. Тиімділік айқын-өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 5 ц/га-ға ұлғайды. Келесі жылы жеңілдікті кредиттеу көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Алғашқы ақша фермерлерге желтоқсан айында жетеді және олар егін егуге дайындықты бастай алады", - деді Айдарбек Сапаров.
Министрдің айтуынша, 2025 жылы осындай тетік өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру кезінде іске қосылады. Фермерлерді субсидиялау ережелерін өзгертуге, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жобаларды қаржыландыруға, инфрақұрылымды жүргізуге қатысты мәселелер қызықтырды. Әр сұраққа фермерлер толық жауап алды.
Айта кетейік, Қарағанды облысы бойынша жалпы егіс алқабы 1,2 млн гектарды құрады, бүгінде 700,2 мың гектар егін жиналды, 12 ц/га өнімділікте 840,2 мың тонна бастырылды.
2,4 млн тонна шөп, 23,1 мың тонна пішен, 15,1 мың тонна сүрлем, 150 мың тонна сабан, 237,5 мың тонна жем дайындалды. Жұмыс сапары барысында министр "Баймырза Агро 2018" ЖШС картоп алқаптарын аралап көрді. Фермада Zimmatic айналмалы жаңбырлатқыштардың суару жүйесі қолданылады. Алдағы жылдары суармалы егістік алқабын 854 гектарға дейін ұлғайту жоспарланған.
Айдарбек Сапаров "Шахтерское" ЖШС егін жинау жұмыстарының барысымен танысты. Өңірдегі ірі шаруашылықтардың бірінің басшысы Георгий Прокоп ағымдағы көктемде отандық тұқыммен 33 мың гектардан астам егілгенін, қазірдің өзінде 19 мың гектар жиналды, орташа өнімділігі 18,5 ц/га 35 мың тоннадан астам астық бастырылғанын хабарлады.
Экономикалық жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін пестицидтерді, тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды сатып алуға мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолданады. Осы ретте, картоптың өнімділігі 501 ц/га құрады.
СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында өңірде 12 жоба іске асырылып отыр. Олардың ішінде қуаттылығы жылына 10 мың тонна сүтті құрайтын 1100 басқа арналған сүт-тауар фермасы бар. "МФ Рамадан" ЖШС жобасының құны 4,2 млрд теңге.
Министр жобаның іске асырылу барысымен танысты.