Қарағанды облысында белсендірілген көмірдің алғашқы сынақ партиясы өндірілді

666

Шикізат ретінде арзан кокс ұсақ-түйегі қолданылады, ал энергия ретінде қазіргі уақытта жағылып жатқан кокс газы қолданылады.

Қарағанды облысында белсендірілген көмірдің алғашқы сынақ партиясы өндірілді

Қарағанды облысында "Шұбаркөл Көмір" АҚ (ERG) белсендірілген көмірдің сынамалық өндірісін бастады. Бірінші партия тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыдағы іске қосу-жөндеу жұмыстары барысында алынды. Өнімнің сапасын химиялық зертханада жүргізілген талдаулар растады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

"Шұбаркөл белсендірілген көмірінің негізгі артықшылығы – оның өзіндік құнының төмендігі. Шикізат ретінде арзан кокс ұсақ-түйегі қолданылады, ал энергия ретінде қазіргі уақытта жағылып жатқан кокс газы қолданылады. Бұл өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратудың өте маңызды проблемасын шешуге көмектеседі. Бұл ретте осы технология бойынша алынған активтендірілген көмір сапасы жағынан нарықтағы осындай өнімдерден кем түспейді. Бірақ құны бойынша ол негізгі бәсекелестерге қарағанда 1,5-3 есе төмен болады", – деді "Шұбаркөл Көмір" АҚ операциялық тиімділік бөлімінің бастығы Александр Лапшин.  

Іске қосу-жөндеу жұмыстарына кәсіпорынның, ERG ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығының және "Аймлаб" ЖШС мердігерлік ұйымының мамандары қатысты. Қашықтықтан қол жеткізу бойынша жабдықты дайындаушы зауыттың мамандары – "Сплайн – М" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) қосылды.

Кәсіпорын стандартын алу үшін белсендірілген көмірдің сынама үлгілері тәуелсіз зертханаға жіберілді. Сапа сертификатын алғаннан кейін өнеркәсіптік өндіріс басталады. Қондырғының қуаттылығы жылына 1 000 тонна белсендірілген көмір болады деп жоспарлануда.

Жоба – импорт алмастырушы. Қазақстан қазір белсендірілген көмірді шетелден әкелуде, елдің қажеттілігі жылына 7 000 тоннадан асады. Бұл өнім гидрометаллургиялық, алтын өндіру, фосфат өнеркәсібінде, суды тазартуда қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу