Қарағанды тұрғыны жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша қылмыстық әрекетке барған

374

Аталған факті бойынша ҚМА аумақтық Департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Қарағанды тұрғыны жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша қылмыстық әрекетке барған Фото: Известия

Қарағанды облысының тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша қылмыстық әрекетке барған.

Қылмыстық схема сатып алушы контрагенттермен үшжақты шарт жасасу арқылы микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды пайдалану арқылы жүзеге асқан.

Контрагент бақылауындағы ЖШС-ге емес, МҚҰ-на қарызды өтеу түрінде төлем жүргізген.

Бұл қылмыс жасаушы азаматтарға қарыз беру шарттары негізінде қолма-қол ақша алуға және оларды жеке тұлғаларға беру арқылы жалпы сомадан 2-6% - ға дейін материалдық пайда алуға мүмкіндік берді.

Мәселен, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты.

Тергеу барысында жалған шот-фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық әрекетті бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Қарағанды облысының тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды.

Тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу