Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі 28 балаға тегін иппотерапия емін алуға мүмкіндік берілді

406

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаны "Бота" қайырымдылық қоры жергілікті жылқы зауыты базасында іске асырады. 

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі 28 балаға тегін иппотерапия емін алуға мүмкіндік берілді Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Адаптивті атқа міну тірек-қимыл аппараты бұзылған және әртүрлі неврологиялық аурулары бар балаларға арналған.

– Иппотерапия қызметі Қарағандыда 2017 жылдан бастап көрсетіледі. Биылғы жылы ерекше балалардың сабаққа тегін қатысуы үшін 11 млн теңге бөлінді. Қазір мұндай балалар саны 28. Қызметті пайдалану үшін Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш, баланың туу туралы куәлігі, мүгедектік туралы анықтама және балаға иппотерапиямен айналысу қажет екендігі туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысын ұсыну қажет. Егер балалар саны арта түссе, қосымша ақшалай қаражат қарастырамыз, – дейді Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлжан Шаймарданова.

Сабақтар жыл бойы өтеді. Аптасына үш жаттығу қарастырылған, олардың әрқайсысы жарты сағатқа созылады. Сабақты нұсқаушы мен жылқы өсіруші жүргізеді. Қажет болса, оларға көмекші қосылады. Қазір төрт сертификатталған жаттықтырушы жұмыс істейді.

– Мен ат спорты мен конкурдан жаттықтырушымын, иппотерапевт оқуын арнайы оқыдым. Мен бұл бағытпен 8 жылдан бері айналысып келемін. Иппотерапия кез-келген спорттық снарядқа қарағанда жақсы көмектеседі, өйткені күнделікті өмірде пассивті бұлшықеттер қатысады. Сабақ өткізуде науқастың жасы маңызды емес. Менің тәжірибемде 9 айлық бала да болды. Диагноз негізінен төрт жастан кейін қойылады, бірақ егер күдік болса, бірден жаттығуды бастаған дұрыс. Біз сондай-ақ паралимпиадалық ат спортын дамытамыз. Қабілетті балаларды дайындап жатырмыз, – деді иппотерапия бойынша нұсқаушы және конкур бойынша жаттықтырушы Мөлдір Расулова.

Дәрігерлер де ерекше. Жаттықтырушылардың айтуынша, иппотерапия үшін жануар таңдау қиын. Жылқы сабырлы, мейірімді, бөтен дыбыстардан қорықпауы керек. Қазір адаптивті атқа міну үшін үш жануар қолданылады.

Дәмилә Түсіпова бірден екі баланы иппотерапия сабағына апарады. 11 жастағы Айшабибіде церебральды сал ауруы бар, ал 10 жастағы Керімде туа біткен аутизм диагнозы анықталған.

– Наурыз айынан бастап иппотерапиямен айналысамыз. Мен олардың жақсы нәтижелер беріп жатқаныр көріп отырмын. Балалар сабырлы бола түсті. Қызым отыра алмайтын, бес айлық сабақтан кейін ол отыра бастады. Ұлымның ұйқысы бұзылған, қазір жақсы ұйықтап жүр. Сабаққа қашан баратынымызды біледі. Сондай-ақ тағы бір үлкен көмек – инватакси. Біз алдын-ала тапсырыс береміз және жайлы жетеміз, – дейді Дәмилә Түсіпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу