"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының мерзімі ұзартылды

875

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының мерзімі кемінде 1 трлн теңге мөлшеріндегі қормен 2022 жылдың соңына дейін ұзартылады. Бұл туралы "Алтын сапа" сыйлығын табыстау салтанатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының мерзімі ұзартылды

Айта кетейік, "Қарапайым заттар экономикасын" жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы аясында әлеуетті кәсіпкерлерді іздестіру және олардың жобалары толық іске асырылғанша оларды сүйемелдеу жүргізіледі.

"Мемлекет отандық бизнестің көрші елдердің нарығына шығуы үшін осы заманауи инфрақұрылымды дәйекті түрде дамытып келеді. "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы табысты жұмыс істеуде. Осы жұмыс шеңберінде тағы төрт трансшекаралық хаб салу жоспарлануда. Оның екеуін Ресеймен шекарада және Өзбекстан мен Қырғызстан шекараларында бір-бір хаб бой көтереді. Бұл транзакциялық шығындарды азайтуға, көлік логистикасының тиімділігін арттыруға, соның нәтижесінде экспортымызды ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу