Каратэші Қайсар Алпысбай Премьер-лига финалына шықты

945

Сантьягода (Чили) каратэден Премьер лиганың А кезеңінен жарыстар өтуде. 

 Каратэші Қайсар Алпысбай Премьер-лига финалына шықты

Olympic.kz сайты назарларыңызға екінші жарыс күнінің нәтижесін ұсынады.

Ерлерден 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дархан Асаділов пен Еркінбек Байтөреев жарыстың қола жүлдесі үшін кездеседі. Ал қайсар Алпысбай дәл осы салмақ дәрежесінде финалға шықты.

67 келіге дейінгі салмақта Асылбек Мұратов пен Дидар Әмірәли қола жүлдені сарапқа салатын болса, 75 келіге дейінгі салмақтағы Ермек Айназаров жарыстың қола жүлдесі үшін жарыс алаңына шығады.

Әйелдер арасында 68 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатқан Софья Бергульцева да қола жүлде үшін қарсыласпен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу