76 жастағы пациентке алғаш рет Micra электродсыз кардиостимуляторы имплантатталды

321

Бұл жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуын емдеуде жаңа дәуірді білдіретін кардиостимуляция технологиясының дамуындағы маркер. 

76 жастағы пациентке алғаш рет Micra электродсыз кардиостимуляторы имплантатталды Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

"Бұған дейін пациентке 2016 жылы қарапайым электрокардиостимулятор қойылған, бірақ оның қабылданбауы бірнеше жылдан кейін болған. Біздің аритмологтар электродсыз кардиостимуляторды алғашқы имплантаттауды А. Сызғанов атындағы ҰҒХО рентгенхирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінің  меңгерушісі Әділ Байымбетовтың басшылығымен жүргізді.   Келесі операцияларды өз бетінше жүргізетін боламыз", - деп бөлісті басқарма басшысы Марат Пашимов.

Клиниканың аритмологиялық қызметінің аға резиденті Артур Әбдімомыновтың айтуынша, Micra - бұл белгілі бір себептермен кәдімгі кардиостимуляторды орнату мүмкін емес өткізгіштік бұзылыстары бар пациенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашқан революциялық құрылғы. Micra кардиостимуляторы дәстүрлі модельдерде жиі қолданылатын сымдарды қажет етпейді. Ол аз инвазивті емшаралар арқылы тікелей жүрекке имплантатталады, бұл оны пациент үшін қауіпсіз және ыңғайлы етеді.

"Micra шағын өлшемді,  бұл оны тікелей жүрек қуысына орналастыру ға мүмкіндік береді. Жетілдірілген технологиялар мен биосенсорлардың көмегімен құрылғы қажетті электрлік импульстарды қамтамасыз ете отырып, жүректің жұмысын ынталандырады. Micra-ның басты артықшылықтарының бірі - оның ұзақ қызмет ету мерзімі. Батареяның жаңа буыны құрылғының 12 жылға дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Micra электродтарды өткізумен байланысты асқынулардың қаупін айтарлықтай төмендететінін және олардың зақымдану немесе инфекция мүмкіндігін болдырмайтынын атап өткен жөн", - деп атап өтті жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ уақытпен қатар жүретін және институт пациенттерінің денсаулық жағдайын және олардың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін озық емдеу әдістерін қолданатын жетекші клиника ретіндегі беделін тағы да растайтыны қуантады.

Аппаратты имплантаттау бойынша қымбат операция пациентке МӘМС қаражаты есебінен толығымен тегін жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу