Кәріз-тазарту нысандарының техникалық жағдайы мен құрылыс барысына мониторинг жүргізілді

439

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері бірнеше облысқа барып қайтты. 

Кәріз-тазарту нысандарының техникалық жағдайы мен құрылыс барысына мониторинг жүргізілді Фото: ҚР ИИДМ

Олар Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстары.

"Кәріз-тазарту құрылымдарының техникалық ахуалы мен салынып жатқан нысандарға бақылау жүргізу мақсатында біздің комитеттің қызметкерлері өңірлерге жұмыс сапарымен барып келді. Жасыратыны жоқ, ірі қалалардағы кәріз жүйелері 50-70 жылдары салынғандықтан бүгінде әбден ескірген", деді ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшин.

Бұл жұмыс сапарлары кәріз-тазарту қондырғыларының қазіргі жағдайына және жобалау жұмыстарына кедергі келтіретін мәселелерді анықтауға бағытталғанын айта кетейік.

Айталық, Қарағанды облысына жасалған жұмыс сапарында ведомство өкілдері қажетті шаралар ретінде қаржыландыру тетігі арқылы КТЖ жобаларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға кеңес берді. Сондай-ақ барлық мүдделі тараптың қатысуымен аталған жүйелерді жаңартуға қатысты кеңес өткізілді. Ал Шахтинск және Саран қалаларындағы ахуалға келсек, бұл елді мекендерде жоғарыда аталған инфрақұрылымның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу қажет.

Қызылорда, Шымкент, Тараз, Сарыағаш, Леңгір және Жаңатас қалаларындағы жағдайға тоқталсақ, іссапар қорытындысы бойынша бұл елді мекендердегі КТЖ-нің техникалық мүмкіндігіне қатысты есеп фотодерекпен ұсынылды.

Тұтастай алғанда, еліміз бойынша кәріз-тазарту нысандарының тозу деңгейі 60%-дан асады. Ал кейбір қалаларда бұл көрсеткіш 90%-дан жоғары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу