Қарқаралы ауданында 18 пәтерлі алты тұрғын үй пайдалануға беріледі

936

Тұрғын үймен 100-ден астам отбасы қамтамасыз етіледі.

Қарқаралы ауданында 18 пәтерлі алты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Қарқаралы ауданының әкімі Елдар Дүйсетаев Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен онлайн-кеңесте 2020 жылдың қорытындылары мен осы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Облыстық бюджет қаражаты есебінен Қарқаралыдағы спорт кешенінің құрылысы аяқталып, су айдауыш мұнара салынды, бес ауылдық елдімекенде сумен жабдықтау жүйесі жүргізілді. Егіндібұлақ ауылындағы төрт мектеп пен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. 39 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 100 шақырымнан астам жол жөнделді. 6 500 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылды, 281 жарықтандыру бағанасы орнатылды", – деді Елдар Дүйсетаев.

Аудан әкімінің айтуынша, биыл Егіндібұлақта дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Қарқаралыда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 пәтерлі алты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тұрғын үймен 100-ден астам отбасы қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, сумен жабдықтау жобалары жалғастырылатын болады. Су Аппаз ауылына жеткізіледі. Жарлы-Қарқаралы ауданын сумен жабдықтау бойынша негізгі жобаның құрылысын бастауға инвестициялар қарастырылған.

Облыс әкімі аудан әкімшілігінің жоспарлы жұмысын атап өтті.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 13 жоба жүзеге асырылды. Бұған ауылдық жерлердегі мектептерді, жолдарды, сумен жабдықтау желілерін жөндеу кіреді. Егер жалпы әлеуметтік-экономикалық даму туралы айтатын болсақ, онда негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Алда Қарқаралы ауданын дамыту бойынша көп жұмыс бар, сондықтан босаңсымаңыздар!", – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу