Қашықтықтан оқытуға қарсы емеспіз – Бас санитар

1130

Жандарбек Бекшин білім ошақтарында қашықтықтан оқытуға қатысты пікір білдірді.  

Қашықтықтан оқытуға қарсы емеспіз – Бас санитар

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз  мәслихатында коронавирустан сақтану үшін қашықтықтан оқыту бастамаларын қолдайтынын айтты. 

"Бұл тұрғыда Білім және ғылым министрлігі де құжаттар пакетін дайындады. Оның ішінде қашықтықтан оқыту ұсынысы бар. Кейбір оқу орындарында мұндай режим бұрын да қолданылғанын білеміз. Әсіресе, реферат дайындау, емтихан кездерінде осылай болады. Сақтық шараларының бір пункті ретінде Білім министрлігінің жоспарында қашықтықтан оқыту қарастырылған. Тек жоғары оқу орындарында ғана емес, колледждер мен кейбір мектептерде де қашықтықтан оқытуға болады.Егер оған техникалық жабдықталуы мүмкіндік берсе, біз қарсы емеспіз. Бұл қалыпты құбылыс.Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Заманауи ақпараттық технологиялардың игілігін пайдалана білуіміз керек", – деді Жандарбек Бекшин.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу