Кәсіпкерлерді тексеру 30 пайызға қысқартылады

1543

 Кәсіпкерлерді тексеру 30 пайызға қысқартылады

Дәл осы кәсіпкерлерді тексеру мәселесі бүгін үкіметте де сөз болды. Еліміздегі Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бизнестегі тексерістердің жалпы санын 2018 жылы 30 пайызға, ал 2020 жылы тағы 10 пайызға қысқартылатынын мәлімдеді.

Бұл үкіметке ұсынылған кәсіпкерлерді реттеу заңына енгізілетін түзетулер негізінде мүмкін болмақ. Ақпаратқа сүйенсек заң жобасы арқылы 13 кодекске және 103 заңға мыңға жуық өзгертулер енгізіледі. Жаңашылдық тексеріс барысында әкімшілік жазалау шараларын ескертумен алмастыруды көздейді. Заң жобасы мақұлданса келер жылы тексерістер саны 70 мың көлемінде ғана болады деп күтілуде.

Тимур Сүлейменов, ҚР экономика министрі:

"Бақылау-қадағалау шаралары түбегейлі өзгереді. Заң аясында "профилактикалық бақылау" деген түсінік енгізіледі. Аталған реформа тексерушілердің саясаты мен психологиясын өзгертуі тиіс. Енді, жазалаудан бұрын тәртіп бұзушылықтың алдын алуға басымдық беріледі. Яғни, бірден айыппұл салынбайды, алдымен кемшілікті жоюға уақыт беріледі" Сондай-ақ, 114 бақылау саласының 27-сі қысқартылады. Мемлекеттік органдар арасындағы өзара ұқсас 137 қадағалау функциясы мүлде алынып тасталмақ. Бұдан бөлек бизнесті тексеруге жататын қазіргі 30 мың талапты азайтып, тек 12 мың 500-ін қалдырады. Айта кетейік, кәсіпкерлікті реттеуге арналған жаңа заң келесі жылдан бастап күшіне енбек".

Абылай Мырзахметов, "Атамекен" КҰП басқарма төрағасы:

"Өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиология және салық саласында тексерістер өте көп. Себебі шағын бизнестің негізгілері сауда, қоғамдық тамақтану және басқа да қызмет көрсету бойынша жұмыс істейді. Сондықтан ең ауқымды қысқарту осы салаларға бағытталған. Бұл кәсіпкерлікке жасалған үлкен қолдау деп білеміз."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу