Ведомствоның мәліметінше, олар балыққа құрылған торларға түсіп қалған болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Сірә, итбалықтар балық аулауға арналған торларға түсіп қалған. Осыдан кейін жануарлардың көпшілігінің терісі сыпырылып, теңізге лақтырылған", – деп жазылған Ресей Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің хабарламасында.
Бұл жағдайды РФ Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Александр Козлов жеке бақылауына алған.
"Шектен шыққан жағдай. Неліктен сирек кездесетін жануарлардың санына қауіп төніп тұр? Себебі біреу көшіп бара жатқан итбалықты ұстап, содан кейін іздерін браконьерлікпен жасыруға тырысады!", – деді Александр Козлов.
Хабарламада Каспий теңізінің жағасынан 170-тен аса өлі итбалық табылғаны жазылған.
Итбалықтардың қырылуы туралы ақпарат 6 мамырда таралған еді. Ресей Теңіз сүтқоректілері ғылыми-экспедициялық орталығының табиғатты қорғау жобаларының үйлестірушісі Виктор Никифоров екі күн ішінде Каспий теңізінің жағалауынан 150-ден астам өлі итбалық табылғанын хабарлаған. Оның айтуынша, мәселеге халықаралық дәрежеде көңіл аудару керек.
Каспий итбалықтары толық жойылып кету алдында тұр.