"ҚазАгро" мыңнан аса қызметкерін жұмыстан шығарады

924

Қысқартулар нәтижесінде холдинг 3 млрд теңге үнемдемек. 

"ҚазАгро" мыңнан аса қызметкерін жұмыстан шығарады

"Қазіргі кезде "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингінің қарызы бары жасырын емес. Ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаржы қарыздарды өтеуге жұмсалмайды. Бұл ақша еншілес компанияларға беріледі. Ал тауар өндірушілер осы еншілес мекемелер арқылы несие алады",– деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Сонымен қатар министр, мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев пен сенаторлардың сынынан соң холдинг дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыруға кіріскенін атап өтті. 

"Бүгінде "ҚазАгро" қарызын қайтару үшін жүйені реформалау мен қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Егер бұрын холдинг құрамында жеті еншілес мекеме болса, сараптама нәтижесінде олардың үшеуін жабамыз. "ҚазАгроГарант" пен "Аграрлық несие корпорациясын" біріктіреміз. Себебі олардың қызметтері ұқсас",– деді министр.  

Одан бөлек әр өңірде орналасқан еншілес мекеменің өкілдіктері "бір терезе" жүйесіне көшуі үшін біріктіріледі. 

Бұл ретте министр, холдингтің орталық штатындағы қызметкерлер саны да қысқаратынын атап өтті.

"Біз реформалау бойынша шамамен 1100 қызметкерді  жұмыстан шығаруды жоспарлап отымыз. Нәтижесінде 3,2 млрд теңге үнемдемеуге қол жеткіземіз",– деді Сапархан Омаров.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазАгро" 126 млрд теңге, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 118 млрд теңге шығынға батқан. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу