"ҚазАгро" холдингі құрылғалы 12 жыл болды. Соның ішінде соңғы 3 жыл шығынды болып отыр. Бұл "Агробизнес-2020" бағдарламасы бойынша қайта қаржыландыру ісіне араласуымызбен байланысты. Шаруалардың екінші деңгейлі банктерден алған қарызын қайта қаржыландырып, көмек қолын созған болатынбыз. Сол үшін сырттан 700 млн еуро, 1 млрд доллар алып, шаруаларға теңгемен тараттық. Яғни валюта тәуекелін өз мойнымызға алған болатынбыз. Бұл 2017 жыл еді. Кейін еуро мен доллар қымбаттап кетті де, айырмашылық бізді шығынға батырды. Үш жылдағы шығын көлемі 400 млрд теңге болып тұр. "ҚазАгро" холдингінің жеке шығыны 118 млрд теңге. Қайта құрылымдау шараларының арқасында 2021 жылдың бірінші қаңтарына шығынсыз жетеміз деп жоспарлап отырмыз", – деген акционерлік қоғам басшысы сыртқы қарызды жабу үшін ұлттық қор мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қанша қаржы алғандарын айтты.
Есімжан Нақтыбайұлы