Алдағы үш жыл бойы "Қазақмыс" корпорациясы кәсіпорындарында жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы қарым-қатынастардың осы ұжымдық шарт бойынша орындалуы қадағаланып отырады. "Қазақмыс" корпорациясы басшылығы мен кәсіподақ ұйымдарының арасында жасалған құжаттың негізгі ерекшелігі әлеуметтік тұрғыдан еңбек адамына барлық жағдай жасау. Келіміс шартта еңбеккерлердің негізгі құқықтары сақталынған - қауіпсіз еңбек құқығы, жұмыс бабымен көтерілу, лайықты еңбек ақы , және ақылы еңбек демалысы, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ құжатта өндірістегі жазатайым оқиғалар және мүгедектікке әкеліп соққан кәсіптік аурулар нәтижесінде еңбекке жарамсыз болып қалған еңбеккерлерге бір жолғы төлем қарастырылған. Бірінші мүгедектік тобы анықталғанда жеті еселік жылдық орташа табысы мөлшерінде, екінші мүгедектік тобы анықталғанда екі еселік жылдық орташа табысы мөлшерінде есептеледі. Сонымен қатар жаңа келісім шартқа сәйкес дүниеге бала келген уақыттағы төленетін 25 мың теңге көлеміндегі бір жолғы төлем және салалық мемлекеттік марапаттау кезіндегі 50 мың мен 200 мың аралығындағы сыйақы көлемі қайта тағайындалды.
Корпорация еңбек жағдайын жасауға, қауіпсіз техникасын сақтауға, еңбеккерлердің кәсіби білім алуына және жастар саясатына қаржылық көмек көрсетуін одан ары жалғастырады. "Ұжымдық келісім шарт бірнеше республикалық және аймақтық кәсіподақ комитеттерімен бірге жасалған.
Біз жұмыскерлердің құқытарын толық қамтылуына кепіл болатын құжат дайындадық. Қазақмыс өз жұмыскерлерін әлеуметтік тұрғыдан толық қамтыған компания болып қала береді. Еңбек ұжымы біздің қолдауымызға сенімді." – деп атап өтті "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы – Бақтияр Қырықпышев.