Қазақстандық гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
"Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді. Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның АИР-дағы елшілігінің өкілдері қатысты",– деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу