Қазақстан Австрияның медициналық сақтандыру саласындағы тәжірибесімен танысады

1860

Қазақстан Австрияның медициналық сақтандыру саласындағы тәжірибесімен танысады

Австрияның астанасы Вена қаласында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов пен Австрияның инновация мен телекоммуникация вице-министрі Андреас Райхардттың қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөнінде Қазақстан-Австрия аралас жұмыс тобының 4-ші отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен олардың пайдалануға берілуі, Қазақстан мен Австрия медициналық университеттері арасындағы стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында тәжірибе алмасу және медициналық білім беру мен ғылым, фармацевтикалық сектордағы, электронды денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай жетілдіру бойынша келісімдер жасалды.

Кездесу соңында екі тараптың әрі қарай ынтымақтастығын жалғастыру туралы хаттамаға қол қойылды.

strategy2050.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу