Қазақстан Францияны бірлесіп қоқыс өңдеуге шақырып отыр

1688

Келесі айда елімізге Франция инвесторлары келеді.

Қазақстан Францияны бірлесіп қоқыс өңдеуге шақырып отыр

Тұрмыстық қатты қалдықтардыөртеу арқылы элеткр қуатын алу тарифке қалай әсер етеді? Оның қосымша шығындары халықтың қалтасынан төлене ме, әлде мемлекет өтей ме? Қазақстан-Франция сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған "Қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы" атты форумда осы мәселелер талқыланды.

Қазақстан 2030 жылы  ел аумағындағы қалдықтың 40%-ын қайта өңдеу арқылы кәдеге жаратпақшы. 2050 бұл көрсеткіш 50%-ға жетуге тиіс. "Жасыл экономикаға өту" тұжырымдасасында осындай мсақсат қойылған.  Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов бұл істе Францияның тәжірибесін енгізу жоспарланғанын айтады.

"Халықты алаңдататын сұрақтардың ішінде ауа сапасынан кейінгі орында қалдық өңдеу мәселесі тұр.  Біз Францияның тәжірибесін тыңғылықты зерттедік. Өзім Парижге арнайы барып, қоқыс өртейтін зауыттарды, биогаз өндіретін полигондарды, қоқыс сұрыптаушы компанияларды араладық. Бұл тұрғыдан Францияның тәжірибесін өзімізге бейімдесек деген ойымыз бар. Біз қалдықтарды жіктеудің еуропалық тәсіліне көшеміз. Ол тәсіл бойынша қауіпті және қауіпсіз қалдықтардың ара жігі нақты ажыратылатын болады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу арқылы жылу және электр қуатын алу жолдарына баса мән беріп отырмыз. Бұл тұрғыда Франциямен тығыз жұмыс істегіміз келеді. Бізге Францияның технологияларымен қатар инвесторлары да қызықты болып отыр. Жаңа кодекске West Energy қағидатын енгізбекшіміз. Бұл қоқыс өңдеу нарығының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Аталмыш зауыттар өндірген электр қуатының ақысын ішінара мемлекет өтейді. Сондықтан франциялық инвесторларды Қазақстанға келіп, осы бағыттағы жобаларды зерттеуге шақырамын", – деді вице-министр.

Қазақстан-Франция сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерар Фриес бұл ұсыныс Франция тарапына да қызық екенін білдірді. 

"Қараша айының аяғына қарай Францияның компаниялары Қазақстанға келеді. Сол кезде қоқыс өңдеу саласының кәсіпорындары сіздің ұсыныстарыңызға құлақ асатынына сенімдімін", – деді ол. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу