Қазақстан LRT құрылысы бойынша Қытай алдындағы қарызынан толық құтылды

1327

Ресми Бейжің алғашқы траншпен 340 млрд теңге аударған. 

Қазақстан LRT құрылысы бойынша Қытай алдындағы қарызынан толық құтылды

Үкімет "Астана банкінде" күйіп кеткен "Astana LRT" қаржысының әзірге 4,2 млрд теңгесін ғана қайтарды. Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов арнамызға эксклюзивті сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді. Енді тағы 10 млрд теңгені қайтару процесі жүруде. Жалпы биыл қаңтар айында банкторқа ұшыраған банкте "Astana LRT" құрылысының Қытайдан алғашқы траншпен алынған 258 млн теңгесі болған еді. Бірақ депозиттер шотында күйіп кеткен. Сондықтан қазір ақша Проблемалық несиелер қоры арқылы қайтарылып, LRT шетінен құйылып жатыр.

Құрылысы 2009 жылы басталып, бірақ бітпей, керісінше былығы артқан LRT жобасының құны 1,9 млрд долларға бағаланған. Оның 20%-ы Үкімет есебінен, өзгесі инвестор – Қытай мемлекеттік даму банкінен тартылуы тиіс болған. Ресми Бейжің алғашқы траншпен 340 млрд теңгені аударған. Бірақ жыл басында шетелдік қаржы ұйымы жобадан шығатындықтарын мәлімдеді. Сондықтан Қазақстан Үкіметтің кепілдендірілуімен 2,5%-бен алған несиені шұғыл қайтаруға тура келген. Вице-министр енді қарыздың толық жабылғанын айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу