Қазақстан МЭЕҰ-ның Венадағы кездесуіне қатысады

809

Қазақстан МЭЕҰ-ның Венадағы кездесуіне қатысады

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев  МЭЕҰ-ға мүше және ұйымға мүше емес елдердің Венада өтетін кездесуіне баратындығын айтты.
"Кездесуге барғалы жатырмын", – деп жауап берді сейсенбіде Астанада тілшілердің сұрағына.
 Сонымен қатар ол МЭЕҰ-ға мүше болып табылмайтын Қазақстанның аса ірі мұнай өндіруші ел еместігін тілге тиек етті.

"Біз әріптестеріміздің ұстанымына қарайтын боламыз", – деді ол Қазақстанның мұнай өндірісі көлемін қысқартуына қатысты қойылған сұраққа.
Бұған дейін картельдің бас хатшысы Мохаммед Баркиндоның сөзіне сілте жасалып, Венадағы кездесуге МЭЕҰ-ға кірмейтін 14 елдің шақырылғаны айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу