Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД-да көш бастады

1170

Бір жылда 15 млн шаршы метр баспана берілген.

Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД-да көш бастады

2020 жылы салынған үйлерді жан басына шақса, 0,81 шаршы метрден келеді. Индустрия және ифнрақұрылымдық даму министрлігі бұл көсерткішті ТМД бойынша үздік меже ретінде бағалап отыр. 

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресейде жан басына шаққанда 0,56 шаршы метр, Беларус елінде - 0,45 шаршы метр, Өзбекстанда - 0,36 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді" - деп жазады министрліктің ресми сайты. 

Мұндай рейтинг ТМД елдері арасында 2019 жылдан бері бар екен.

2020 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасының барлық қаржыландыру көздерінен 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Бұл Қазақстанда рекордтық көрсеткіш саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу