Қазақстан жазғы аптап ыстық рекордын жаңартты

441

Шілдеде Қазақстанның барлық аумағында ыстық болды. 

Қазақстан жазғы аптап ыстық рекордын жаңартты Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" деректерінде аптап ыстықтың шарықтау шегі батыс аймақтарда – бірінші онкүндіктің аяғында, солтүстікте – екінші онкүндіктің басында, шығыста, оңтүстік-шығыста – айдың ортасында болғаны айтылады.

Дәл осы кезеңдерде температура бойынша жазбалар жазылды. Мысалы, 8 шілдеде Атырау метеостанциясында ауаның ең жоғары температурасы +42°С болса, кейінгі рет осы тәуліктегі ең жоғары температура 2011 жылы байқалып, +41,9°С болды.

10 шілдеде Оралда ауаның максималды температурасы +42°С-қа дейін көтерілді, бұл күндегі ең жоғары температура 2015 жылы (+26,6°С) байқалды.

11 шілдеде Ақтөбеде ауаның максималды температурасы +42,3°C болып, 2008 жылғы бұрынғы рекордты (+41,0°C) жаңартты.

Сонымен қатар М 10-12 шілдеде Қостанайда үш күн қатарынан рекордтық деңгейге жетті, бірақ аптап ыстықтың шыңы 11 шілдеде тіркелді - (+40,5°C). Осылайша 2020 жылғы рекордты (+37,0°C) жаңартты.

"Петропавлда ауаның ең жоғары температурасы 12 шілдеде байқалды және + 40°С болды. Мұндай жоғары ауа температурасы метеорологиялық бақылаулардың бүкіл тарихында әлі байқалмаған. Мұндай максималды ауа температурасы кейінгі рет 1993 жылы тіркелген (+30,6 °)", делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

Сонымен қатар Павлодарда 12 шілдеде күндіз ауа +38,5°С-қа дейін жылынып, 1981 жылғы рекордты жаңартқаны, содан кейін сол күні ауа температурасының максималды деңгейі +35°C болғаны айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу