Қазақстанда аутизм бойынша нақты статистика жоқ

1101

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Асыл Мирас" аутизм орталығының басшысы Альмира Қалимова айтты.

 Қазақстанда аутизм бойынша нақты статистика жоқ

Спикер жыл сайын аутистік спектрдің бұзылуы (АСБ) бар балалар саны өсіп келе жатқанын атап өтті.

Айтуынша, елімізде нақты статистика жоқ, бірақ егер әлемдегі жағдайға қарайтын болсақ, халықаралық деректер бойынша 2016 жылы АҚШ-та 8 жасқа дейінгі балалар арасында 54-тен бір, Жапонияда 55-тен бір, Оңтүстік Кореяда 38-ден бір, Гонконгта 27-ден бір жағдай тіркелген.

"Ата-аналардың 50%-ы бір жасқа толған кезде баласының атиптік дамуын байқай бастайды. 24 айға қарай дабыл сигналдарын байқаған ата-аналардың пайызы қазірдің өзінде 90%-ға жетеді. Скринингтерде ата-анадан балаларында көру байланысы бар ма деп сұраймыз, аналары "иә, бар" деп жауап береді. Тексереміз, байланыс болмайды. Бала шақырғанға үн қатпайды, бірақ тамақтандыратынын біліп, "мә" дегенге бұрылады", – деді А.Қалимова.

Ата-аналар аутизмнің белгілерін ерте балалық шақта анықтай алады. АСБ бар балалар "ана, әке" деп айтпайды, көзге қарамайды, күлмейді және жыламайды. Бұл жағдайда дереу мамандарға хабарласып, баланың функционалдық дағдыларын айтарлықтай жақсартатын қолайлы араласу интервенциясын іздеу маңызды.

"Сонымен қатар, мұндай балалар шақырғанға үн қатпайды, қарапайым әрекеттерді қалай орындау керектігін білмейді. Мысалы, олар "орындықты әкел, қуыршақты көрсет" деген өтініштерге жауап қайтармайды, "өз әлемінде" жүреді, мұндай балалардың ойындары стереотиптік болып келеді – автомобиль дөңгелектерін айналдыру, заттарды қатарға салу, саусақтармен ойнау, орнында секіру түрінде қайталанатын қозғалыстар, қабырғадан қабырғаға жүгіру, шеңберге жүгіру, өз осінің айналасында айналу, аяқтың ұшымен жүру. Аутизм ауру деп есептелмейтінін түсінген жөн", – деді А.Қалимова.

Уақытында диагностикадан өтпеген және психологиялық-педагогикалық қолдау алмаған аутизмі бар балалар ересек жаста сыртқы әлеммен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болады. Аутизм өмір бойы сақталуы мүмкін екенін түсіну қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу