Жақын күндері Қазақстанда еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы құрылады, деп мәлім етті еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
"Еңбек биржасы әлеуметтік-еңбек саланың бірыңғай жүйесі, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, жұмыспен қамту жекеменшік агенттіктерінің, жұмысқа орналастырушы интернет-порталдардың мәліметтер базасынан тұрады. Оған аймақтардағы жұмыспен қамту орталықтары қосылады. Бұл жұмысқа орналастыру қызметін көрсету мүмкіндіктерін кеңейте түседі", – деді сейсенбіде Астанада өткен Үкімет отырысында министр, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".
Бірыңғай ақпараттық база қолданыстағы enbek.kz. платформасы негізінде құрылмақшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу