Қазақстанда бірыңғай "еңбек биржасы" құрылады

1068

Қазақстанда бірыңғай "еңбек биржасы" құрылады

Жақын күндері Қазақстанда еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы құрылады, деп мәлім етті еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

"Еңбек биржасы әлеуметтік-еңбек саланың бірыңғай жүйесі, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, жұмыспен қамту жекеменшік агенттіктерінің, жұмысқа орналастырушы интернет-порталдардың мәліметтер базасынан тұрады. Оған аймақтардағы жұмыспен қамту орталықтары қосылады. Бұл жұмысқа орналастыру қызметін көрсету мүмкіндіктерін кеңейте түседі", – деді сейсенбіде Астанада өткен Үкімет отырысында министр, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".

Бірыңғай ақпараттық база қолданыстағы enbek.kz. платформасы негізінде құрылмақшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу