Қазақстанда күнкөріс қиындап барады – сарапшылар

566

Осы жылдың екінші тоқсанының қорытындысына сәйкес, елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар 177,8 мың үй шаруашылық бар екені анықталды. 

Қазақстанда күнкөріс қиындап барады – сарапшылар Фото: inbusiness.kz

Бұл былтырғыға қарағанда 9,4%-ға артық. Бұл Қазақстандағы барлық үй шаруашылықтарының 5,1%-ы немесе 1 миллион адам деген сөз, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап. 

Республика қалаларында 455,7 мың тұрғыны бар осындай 88,6 мың үй шаруашылықтары, ал ауылдарда 89,2 мың үй шаруашылығы болды. Мұнда 560,8 мың адам тұрады. 

Табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен үй шаруашылықтарының саны 9,4 мың болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,6 есеге артық. Мұнда 59,5 мың адам тұрады: былтырғыға қарағанда 2,7 есе көп. Қалаларда 24,2 мың халқы бар осындай 4,2 мың үй шаруашылықтары, ауылдарда 35,2 мың халқы бар 5,2 мың үй шаруашылықтары тіркелген.

Өңірлік бөліністе ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар үй шаруашылықтарының ең көп саны Түркістан облысында тіркелді: 27 мың Мұнда 207,7 мың адам тұрады.

Одан кейінгі орындарда Алматы (18,5 мың, +40,5%) және Шымкент (13 мың, +8,7%) орналасты. Алматыда мұндай үй шаруашылықтарында 98,1 мың адам, Шымкентте 76,8 мың адам тұрды.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарының ең аз саны Ұлытау облысында: 1,6 мың. Тұрғындар саны – 9,9 мың.

Биылғы екінші тоқсандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа шамасы жан басына шаққанда айына 47,9 мың теңгеге жетті. Өз кезегінде тұтынуға жұмсалған кірістер 88,4 мың теңгені құрап, бір жылда 15,4%-ға өсті. Тұтынуға кеткен кірістердің ең төменгі күнкөріс деңгейіне қатынасы 184,7% болды.

Яғни, бұл ең төменгі күнкөріс деңгейі өмір сүру үшін жеткіліксіз екенін білдіреді.

Тұтынуға кеткен кірістер мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің арасындағы ең үлкен алшақтық Алматыда тіркелді: 240,2%. Антилидерлер қатарында Қарағанды (238,2%) және Солтүстік Қазақстан (231,8%) облыстары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу