Қазақстанда жұмысқа қабылданғандарға қарағанда жұмыстан кеткендер саны көп

1155

Қазақстанда жұмысқа қабылданғандарға қарағанда жұмыстан кеткендер саны көп

2016 жылдың 3 тоқсанында ірі және орта кәсіпорынға 222,4 мың адам жұмысқа қабылданды. Бұл туралы статистика комитетіне сілтеме жасап, 7kun.kz хабарлайды.
Ведомство мәліметі бойынша, осы кезең ішінде түрлі себептермен 230,7 мың адам қызметінен кеткен. Жұмысынан босатылғандардың 71%-ы дағдарысқа, 3,7%-ы штаттың қысқаруына және 25,3%-ы өзге себептерге байланысты орындарынан айырылды.
Осы тоқсанның соңында ірі және орта ұйымдарда 25,7 мың бос орын болды. Жұмысқа қабылдау коэффициенті — 8,2%, жұмыстан босату коэффициенті — 8,5%, жұмыс күшінің тұрақсыздығы коэффициенті 6,1% құрады. Жұмыс күшінің орнын басу коэффициенті — 96,4%.
Статистика комитетінің соңғы мәліметі бойынша, 2016 жылғы үш тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 141187 теңгені құрады. Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді  қазуда – 313,2 мың теңге (2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру  қызметінде – 254,9 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 196,3 мың теңге (1,4 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 182,0 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді.
Өңір бойынша ең жоғарғы жалақы – Атырау облысында (279,2 мың теңге), бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 2,0 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 94,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,1%-ға төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу