Қазақстанда "Ашық үкімет" жобасы жыл соңына дейін іске қосылады

1326

Қазақстанда "Ашық үкімет" жобасы жыл соңына дейін іске қосылады

Үстіміздегі жыл соңына дейін Қазақстанда "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау" порталы іске қосылады, онда мемлекеттік органдардың қызметін бағалау қорытындылары туралы ақпарат, аумақтардың стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептер орналастырылады. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

 "Ағымдағы жыл соңына дейін "Ашық үкімет" жобасын іске асыру аясында "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау" порталы іске қосылатын болады, онда мемлекеттік органдардың қызметін бағалау қорытындылары туралы ақпарат, аумақтардың стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептер орналастырылады. Сондай-ақ, біз мемлекеттік органдардың қызметін көпшілік талқылауды да жоспарлап отырмыз", – деді Д. Абаев.

Сондай-ақ, министр 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдардың алқа және ашық отырыстарының онлайн-көрсетілімін міндетті өткізу туралы заң талабы күшіне енетінін еске салды.

"Үкімет отырыстары Интернет желісінде тікелей эфирде көрсетіліп жүргенін білесіздер. Біз басқа мемлекеттік органдардың дайындығы туралы ақпарат жинап, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстың нәтижелері ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында ұсынылады", – деді Д. Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу