Қазақстандық режиссер Бақтияр Исламовтың "Там, где живет Эдип" қысқаметраж фильмі Австрияның Ленцинг қаласында өткен 45-ші халықаралық Festival of Nations кинофестивалінде "Үздік эксперименттік фильм" жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды akjolgazet.kz.
Фильм продюсері Дарья Корнееваның айтуынша, картина Алматы облысында түсірілген. Фильмнің режиссері, авторы әрі қоюшы операторы — Бақтияр Исламов. Қазылар алқасының айтуынша, фильмдегі кадрларда ерекше айқындық бар, сондай-ақ, бұл фильм фестивальде Қазақстаннан ұсынылған жалғыз фильм екен. Осылайша, Қазақстан алғаш рет "Үздік эксперименттік фильм" жүлдесін жеңіп алып отыр.
Бақтияр Исламов 31 жастағы ақын, кинорежиссер, қысқаметраж фильмдердің авторы. Оның "Небо над Берлином моего детства" (2015 жыл) фильмі Нью-Йорктегі фестивальде (12th Harlem International Film Festival) екі рет жүлде алған. Сондай-ақ, режиссер Лос-Анджелесте өткен Los Angeles World International Film Festival байқауында жүлделі болған.