Қазақстандықтар ақшасын ұлттық валютада сақтағанды жөн көреді

1183

Қыркүйекте теңгелік салымдардың үлесі 56%-ды құрады. 

Қазақстандықтар ақшасын ұлттық валютада  сақтағанды жөн көреді

Қазақстандықтардың банктік салымдары қыркүйекте өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 8,8 трлн теңгені құрады. Соңғы бес жылда салымдар орта есеппен 15,5%-ға өскен. Бұл тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруының белгісі. Аталған факт жалақы, үй шаруашылығының кірісінен де көрінеді.

Сонымен қатар банктегі салымдардың көбеюі ұлттық валютаға да сұраныстың артуына алып келді. Биылғы жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша банк депозиттерінің басым бөлігі теңгемен салынған. Бұл барлық депозиттердің 55,6%-ы, яғни, 4,9 трлн теңге. Ал шетелдік валютадағы салымдар көрсеткіші 44,4%, яғни, 3,9 трлн теңге. Ескере кететіні теңге бойынша салымдардың 2015 жылғы 23,6% көрсеткішінен ең жоғары нәтижесі осы. Мұндай тенденцияның қалыптасуына халықтың ұлттық валютаға деген сенімінің артуы, өзге валютадағы салымдар кірісінің төмендігі әсер етті. Осы ретте теңге бойынша банктер ұсынып отырған сыйақы мөлшері 9,2%, ал өзге валюталық салымдар үшін 1% екенін айта кету керек. 
Бұдан бөлек, корпоративті секторда теңгеге қызығушылықтың жоғарылауы байқалады. Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айы бойынша заңды тұлғалардың салымдары 6,7 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары. Ал заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы депозиттері керісінше 5,2%-ға қысқарып, 3,3 трлн теңгені құрады. 

Тағы бір маңызды сектор – қолма қол емес төлемдер нарығы. Қазақстанда жылдан жылға электронды коммерция дамып келеді. 2019 жылдың алғашқы тоғыз айында қолма қол емес төлемдердің жалпы көлемі екі есеге өсіп, 8,3 трлн теңгеге жетті. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер шотында жатқан қаражат көлемі 1 трлн теңгеге өсті. Оның ішінде 79%-ы – ұлттық валютада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу