Қазақстандықтар пандемия зардаптарын жеңуге 100-ден астам шешім ұсынды

808

Іріктеу турының нәтижелері 11 мамырда белгілі болады, содан кейін үздік жобалар тәлімгерлердің қолдауымен жетілдіріп, қаржы алады.

Қазақстандықтар пандемия зардаптарын жеңуге 100-ден астам шешім ұсынды

"Цифрлық азаматтық" инновациялық байқауының қатысушылары коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтар тап болған мәселелер шешімдерін ұсынды. Екі апта ішінде 107 топ байқауға қатысуға өтініш берді, онда 254 адам бірікті. Іріктеу турының нәтижелері 11 мамырда белгілі болады, содан кейін үздік жобалар тәлімгерлердің қолдауымен жетілдіріп, қаржы алады.

Байқауға қатысушылар түрлі жобаларды ұсынды: медициналық онлайн кеңестер беру, онлайн режимінде оқуға арналған қосымшалар құру, жеке деректерді қорғау және құқықтық сауаттылықты арттыру, дағдарыс кезінде халықты жедел ақпараттандыру, онлайн өтініштер берудің ұлттық платформасын құру.

"Байқаудың басынан бастап біз кез-келген ұсыныстарға ашықпыз деп айтқан болатынбыз. Қатысушылардың фантазиясына дем бергіміз келді. Бүгін біз қабылдаған шешімдердің әртүрлілігін хабарлауға қуаныштымыз. 11 мамырға дейін қазылар алқасы мен тәлімгерлер барлық идеяларды зерттеп, нәтижелілігін бағалап, финалға шығатын және тәлімгерлермен аяқталатын жұмыстарды таңдауы керек", - деді Арман Абдрасилов, кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығының  директоры, конкурсты ұйымдастырушылардың бірі.

Қазақстан жастарының ақпараттық қызметінің атқарушы директоры Василина Атоянц айтуынша, хакатонды оффлайн форматта өткізу жоспарланған, бірақ карантинге байланысты оны онлайн режимінде өткізу қажет болды: "Дегенмен, өтінімдер саны біздің күткенімізден асып түсті, біз білім беру тақырыбында 20-дан астам, шамамен 30 – медициналық көмекті жақсарту идеялары ұсынылғанына қуаныштымыз. Жастар назардан тыс қалмады – еліміздің ірі университеттерінің медициналық, техникалық және көркемдік мамандықтар студенттерінен 20 өтініш келіп түсті".

Өз кезегінде Қазақстан, Орта Азия және Моңғолиядағы Kaspersky Lab директоры Евгений Питолин байқаудың басты критерийлерінің бірін еске түсірді: "Жеке мәліметтерге қатысты жобалар туралы айтқанла, жоба авторлары осы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Әсіресе, қазір смартфондар мен қосымшалардың қолданушылары көбейген кезде, жеке мәліметтер киберқылмыскерлер үшін құнды бола бастайды", – деді ол. 

Жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Президент Әкімшілігі жанындағы IT-орталық, The SecDev Foundation, Жаңа Азаматтық бастамалар, Сорос Қазақстан қоры қолдауымен Қазақстан жастар ақпараттық қызметі Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы, және Kaspersky Lab ұйымдастырылуда. 

"Цифрлық азаматтық" – бұл денсаулық сақтау және білім беру, жеке деректерді қорғау және коронавирустық инфекцияның таралуы мен Қазақстандағы пандемия салдарымен күресу үшін технологиялық шешімдерді іздеуге және жасауға байқау. Ұйымдастырушылар күрделі мәселелерді тез, үнемді және тиімді шешетін идеялар мен технологияларды іздейді, әртүрлі салалар мен кәсіптердің сарапшыларын – IT мамандары, дизайнерлер мен әзірлеушілер, құқық қорғаушылар, дәрігерлер мен мұғалімдер, оқытушылар мен студенттер, белсенділер, үкіметтік, бизнес және жастар ұйымдарын біріктіреді. Жоба туралы толығырақ білу үшін https://digitalcitizenship.kz/ сілтемесі арқылы өтіңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу