Қазақстанның әскери қызметшілері ШЫҰ елдері бөлімшелерінің бірлескен жаттығуына қатысуда

930

Қазақстанның әскери қызметшілері ШЫҰ елдері бөлімшелерінің бірлескен жаттығуына қатысуда

Қытайдағы Корла қаласы оқу-жаттығу базасының спорт кешенінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде әскери қызметшілердің бірлескен таулы-атқыш жаттығуы өтуде, деп мәлім етті ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің бөлімшелері қатысуда. Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын саны 28 адамнан құралған әскери қызметшілер қорғауда. Бүгінгі күні бірлескен жаттығуға қатысушылар оқу-жаттығу базасының инфрақұрылымымен танысып үлгерді және бөлімшелер құрамында қарумен 5 000 метрге жүгіріп өтті. Одан кейін әскери қызметшілер толық жауынгерлік жарақтандыруда 100 метр қашықтықтағы қоршауды бұзып өту бойынша көрсетпелі әдістемелік сабаққа қатысты. Бұдан өзге, бірлескен жаттығу бағдарламасы оқ атусыз қаруды қолданудың тактикалық негіздерін, оқ атуды бастаусыз үш нүктедегі қарудың үш түрін, сонымен қатар, әскери қызметшілердің таулы-атқыш дайындығын жетілдіруге бағытталған бірқатар практикалық сабақтарды қамтиды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу