Қазақстанның бизнесі тек мемлекеттік субсидиямен өмір сүрмеуі керек – ЕДҚБ

1086

Қазақстанның бизнесі тек мемлекеттік субсидиямен өмір сүрмеуі керек – ЕДҚБ

Қазақстандағы мемлекеттік субсидиялар ұзақмерзімдік құрал болуға тиіс, деп санайды  Қазақстан мен Моңғолиядағы ЕДҚБ шағын бизнесті қолдау аймақтық бағдарламасының басшысы  Хольгер Вифель.

"Субсидия – деген жақсы және  ол белгілі бір кезеңге дейін әрі кейбір тар бағыттарда ғана өзін-өзі ақтайды. Ол ұзақмерзімдік құрал бола алмайды, өйткені бизнес тек субсидиямен өмір сүре алмайтынын білеміз.  Егер біз субсидия бөле бастасақ, одан қалай шығатынымыз жайлы, субсидияға тәуелді болуға жол бермес үшін жоспар болу керек", – деді ол Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және шаралар жөніндегі кеңестің V бизнес-форумында, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".

Хольгер Вифель бизнес-форум барысында қазақстандық кәсіпорындардың қолжетімді қорландыруға зәру екенін тілге тиек етті.

"Қазақстанда қаржыландыруға қолжетімділік бар. Қолдау да баршылық, бірақ дұрыс қолдауға қолжетімділік бар ма екен? Біз әлі де  жеңілдетіп (әкімшілік кедергілерді – ИФ-К) – қазіргі таңда ұсыны отырған өнімдерді жақсартуымыз керек. Біз Doing Bussiness-тағы 41-орыннан 35-орынға көтерілдік, бірақ оған тоқмейілсуіміз керек", – деп атап өтті Хольгер Вифель.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу