Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 25 жыл

701

 Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 25 жыл

Биыл Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 25 жыл. Айтулы күнге орай бүгін Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды 24.kz.

"Оған еліміздің дипломатиялық корпусының өкілдері, парламент депутаттары мен сарапшылар қатысты. Тәуелсіздігіміздің ақ таңы атқан тұста қазақ елінің шетелде бір де бір дипломатиялық өкілдігі болған жоқ. Сыртқы саяси қызметпен айналысатын мамандар да тапшы еді. Ширек ғасырдың ішінде Қазақстан өркениетті елдермен терезесі тең, әлемдік сахнада өз орны бар мемлекетке айналды", – дейді сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов.

Оның айтуынша, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары халықаралық ұйымдар тарапынан қолдау тауып келеді. Президенттің қатысуымен бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралы жөніндегі Кеңес құрылды.

"Өзінің "Ғасырлар тоғысында" деген еңбегінде біздің президентіміз ең алғашқы кезеңдегі жағдайды былай деп сипаттады: "Бұл мәселені жан-жақты қарастыру керек болатын. Ал біздің сыртқы саяси қызметтегі дәстүріміз жұтаң болатын". Елбасының стратегиялық пайымы еліміздің әлемдік аренадағы қазіргі келбетін анықтап берді", - деді Қайрат Әбдірахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу