Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен 59 мың отбасыны көшіру жоспарланған

954

 Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен 59 мың отбасыны көшіру жоспарланған

2022 жылға дейін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен 59 мың отбасыны көшіру жоспарланған. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жылдың алғашқы жартысындағы қорытындысына арналған брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Үкімет еңбек ресурстарын оңтүстіктен солтүстікке көшіру  саясатын жүргізіп отыр. Ол үшін билік  төрт облысты таңдап отыр: Павлодар, ШҚО, Қостанай, СҚО. Бұл  облыстарда  көші-қон көбейіп, демографиялық жағдай азайып бара жатыр. Егер алдағы бес жылда ештеңе өзгертпесек,167  мың экономикалық белсенді халықтан айырылып қалуымыз мүмкін", - деді Біржан Нұрымбетов.

Вице-министр айтып өткендей, кейбір оңтүстік өңірлерде халық шамадан тыс көбеюде. Бұл – Жамбыл, ОҚО, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облысы.

"Бүгінгі таңда жұмыс күші артық облыстардан еңбек ресурстары жетіспейтін өңірлерге барлығы 114 отбасы (461 адам) және 150 оралман отбасы (433 адам) қоныс аударған.Есептік кезеңде жұмыс берушілер ұсынған 193 230 бос жұмыс орнының 30 479-ы сусбидиялануда", - деді Б.Нұрымбетов.

Бұл тұрғындарды толық қанағаттандыру үшін  мемлекет қажетті шараларды қабылдап  отыр.

"2017 жылы ел бойынша 288 отбасының және 566 оралман отбасының қоныс аударуы жоспарланған. Бұл мақсатқа, яғни көшуге қазынадан 233 485 мың теңге, баспана жалдауға кететін шығындарды жабуға 510 164 мың теңге субсидия қарастырылған. Көшіп-қонушыларды әлеуметтік қолдау мұратында, Бағдарламада, көш субсидиясымен бірге (35 АЕК) отбасы мүшелерінің санына қарай бір жыл бойы баспана жалдау мен коммуналдық қызметтерді төлеуге әртараптандырылған көмек қаржысы енгізілуде", - деді ол.

Сондай-ақ, министрлік жұмыс берушілерге де әдістерді ойлап табуда.

"Егер жұмыс беруші кем дегенде  5 маманды шақырып, 3 жылға жұмысқа алса, жұмыс берушіге әрбір тартылған маман үшін  1 млн теңге төленеді, алайда ол қызметкерлерінің барлық мәселесін өзі шешуі керек", - деді ол.

Айта кетерлігі, "Құрылысжинақбанкі" арқылы жеңілдікті несие мен субсидияны беру механизмі дайындалып жатыр.

"Олар сертификаттарды ауылдық жерде үй алуға немесе алғашқы төлем ретінде  баспана үшін салымға  қолдана алады. Сондай-ақ, біз жер учаскелерін бау-бақша үшін бөлуді қарастырып отырмыз. Ол үшін әрекеттегі заңға өзгертулер енгізу қажет. Егер көшіп келген адамның бизнес идеясы болса, ол "Бастау бизнес" бағдарламасы арқылы оқытылады. ҰКП оның бизнеспен айналысуға құқығы бар екендігі жайлы рұқсат береді. Демек, 5 млн теңгеге дейін  бизнес идеяны жүзеге асыру үшін қайтарымсыз грант беріледі", - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу