Актер Дәурен Серғазин "Үздік актер" номинациясы бойынша "Саxнагер-2018" ұлттық сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Қазақстан театрлар қауымдастығы ұйымдастыруымен өткен, 27-наурыз - Халықаралық Театр күні мерекесіне орай, Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, кино актері Дәурен Серғазин "Үздік актер" номинациясы бойынша "Саxнагер-2018" ұлттық сыйлығының иегері атанды. Ол театр сахнасында Хлестаков, Люченцио, Қожа, Әмір, Артур сынды көптеген рөлдерімен қалың көрерменнің жүрегінен орын алып жүрген, кино әлемінде "Алдар көсе", "Шәмші аға" бейнелерімен көпшілік қауымға кең танылған. Сондай-ақ, жас әрі талантты актриса "Тілеп-Сарықыз" қойылымында Сарықыздың сүйкімді бейнесімен, "Моцарт" мюзклінде Алоизияның әдемі ырғақты дауысымен көрерменнің көз айымы болып жүрген Назерке Серікболова "Саxнагер-2018-дің" арнайы "Үміт" сыйлығымен марапатталды.