Қазақтың ұлттық тағамдары Санкт-Петербор тұрғындарын таңдандырды

1151

Қазақтың ұлттық тағамдары Санкт-Петербор тұрғындарын таңдандырды

Санкт-Петербор қаласының орталығында фьюжин стиліндегі еуропалық мейрамхана бар. Дәл осы мейрамханада дастархан дәмінің мәзіріне қазақтың қуырдағы мен сорпасы қосылған, деп жазады reactor.inform.kz.

Бұл идеяны бас аспаз Александр Петроченко қолға алыпты. Аспаздың өзі Алматыда туып-өскен. Ал еңбек өтілі 25 жыл. Ет асып, қуырдақ пісіруді ауылдағы әжелерден үйренген көрінеді.
"Қазақтың асханасы қанымда бар. Бұл менің жаным сияқты. Мен 5-7 жылдай Еуропаны шарладым. Шымбұлақ пен Медеу маған жақсы таныс. Туған жерімді сағынамын. Ғажайып елде өскеніме қуанамын", – дейді өзі.
 
Мейрамханаға келушілер Еуропаның тамақтарына қарағанда қуырдақты сүйсініп жейді екен.

"Фестиваль идеясын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймыз. Біз аспаздан қазақтың ұлттық тағамын әзірлеуді өтіндік.  Дәмін көрдік. Қазір мен күнде қуырдақ жеймін. Ұлттық асхана фестивалі желтоқсанның ортасына дейін жалғасады", - дейді отельер әрі ресторатор Юнис Теймурханлы.
Сұраныстың өскенін көрген мейрамхана иелері енді қазақтың ұлттық тағамдарын тұрақты мәзірге енгізбекші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу