Келер жылы Астанада THE ST. REGIS ASTANA көп функционалдық қонақ үй және тұрғын үй кешені ашылады

1461

Келер жылы Астанада THE ST. REGIS ASTANA көп функционалдық қонақ үй және тұрғын үй кешені ашылады

Асқан сұлулық пен сәнді сәулетті бағалаушылардың енді Қазақстан елордасының ең көрікті жерлердің бірінде орналасқан теңдессіз ғимаратта жайғасуға мүмкіндігі бар.

St. Regis Astana Қазақстанда сән-салтанат пен талғампаздықтың жаңа деңгейін ұсынып отырған сәулет ретінде теңдессіз көріктілік пен қонақжайлылықтың ең асыл үлгісі болып табылады. The St. Regis New York кешені секілді,  бүкіл қаланың көзін тартар көрікті ғимарат - The St. Regis Astana да елорданың ең айтулы орны саналатын Орталық саябақта орналасқан. Ерен дизайны мен бірден-бір қызметінде қазақ халқының дархандығы көрініс тапқан бұл қонақ үй талғамы жоғары саяхатшылар мен жергілікті тұрғындар үшін заманымыздың озық дәстүрлерін ұсынған қала өмірінің орталығына айналмақ.

The St. Regis Astana қонақ үйінде ең таңдаулы әрі сәнді 120 бөлме, сондай-ақ, люкс санатына жататын 23 бөлме орналасқан. Бөлмелердің ең кіші ауданы 66 шарт метрге тең, десе де бұл қаладағы ең үлкен бөлмелер саналады. Ішінде қонақжай, кітапхана, шарап қоймасы бар, джакузимен жабдықталған көзтартарлық ашық террасаны, 8 адам түстене алатын үстелді табуға болатын ауданы 512 шаршы метрді құрайтын, сайлы безендендірілген, сән-салтанаты асқан Royal Suite бөлмелер талғампаз қонақтар үшін ең теңдессіз мекенге айналмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу