ҚХП кандидаттарының 28,8 пайызын – әйелдер, 7,2 пайызын жастар құрайды

589

Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс XVI съезінде партия хатшысы Жамбыл Ахметбеков мәжіліс депутаттығына ұсынылған 125 үміткер жайлы пікір білдірді.

ҚХП кандидаттарының 28,8 пайызын – әйелдер, 7,2 пайызын жастар құрайды

"Біз саяси шоу жасаудан аулақ болдық. Бұл тұрғыда кәсіби білікті адамдарды таңдауға, олардың еңбегі мен жетістігіне қарауға мән бердік. Қиындыққа мойымайтын азаматтарды іріктеп алдық", – деді Жамбыл Ахметбеков. 

Бұдан кейін ол партиялық тізімдегі ерлер мен әйелдердің және жастардың үлесі жайлы сөз қозғады.

"Біздің партия мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысады. Қазақстан халқы біздің идеялар мен бастамаларды қолдайды деп үміттенеміз. 125 адам таңдалды, оның ішінде ерлердің үлесі 89 адам немесе 71,2%, ал әйелдер 36 адам немесе 28,8%. Жастардың үлесі 7,2%, яғни 9 адам. Кандидаттардың орташа жасы - 46-да", - деді партия хатшысы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу