ҚИҚ "Вест-Агро" нан қабылдау пунктін сатты

985

ҚИҚ "Вест-Агро" нан қабылдау пунктін сатты

Қазақстанның инвестициялық қоры "Вест-Агро" нан қабылдау пунктін сатты, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ "Вест-Агро" нан қабылдау пунктінің мүліктік кешенін сату-сатып алу мәмілесін жүзеге асырды.

Бағалардың өсуіне сауданың қорытындысы бойынша ҚИҚ Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим с. орналасқан нан қабылдау пунктінің мүліктік кешенін сатты. Объектіні сату бағасы 598 339 343 теңгені құрады, бастапқы құны – 569 508 000 теңге. Сауда-саттық "Ақпараттық есептеу орталығы" АҚ порталында өткізілді (gosreestr.kz). Сауда-саттық жеңімпазы "KAZMEAL" ЖШС (КАЗМИЛ) болды.

Бұл нан қабылдау пункті Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдарды өндіру және өңдеу бойынша  тікелей интеграцияланған агроөнеркәсіп кешенінің бөлігі.

"Вест-Агро" нан қабылдау пункті" 2013 жылы ҚИҚ теңгеріміне аударылған "Богви" ЖШС компаниялар тобының активтерінің бірі болды. Осы кезеңнен бастап ҚИҚ мемлекеттік қаражатты қайтару жөніндегі іс-шараларды жүргізді. Өндіріп алу бойынша барлық сот-қуыным іс-шараларын өткізіп, сот шешім шығарғаннан кейін қор алынған мүлікті сатады, ал кәсіпорындарды сауықтыру үшін - инвесторларды тартады.

"Осылайша кәсіпорынды жалға алып, өндірісті іске қосқан, дайын өнімді шығаруды реттеген және осы жақында ет комбинатын сатып алған "Kazbeef Ltd" ЖШС тұлғасында отандық инвестор тартылды. Сондай-ақ біз жақын арада қалған активтерді отандық инвесторларға сатуды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті ҚИҚ басқарма төрағасы Ермек Сакишев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу