Қоғамдық бақылау мәселелері бойынша 10 заңға өзгерістер енгізілді

276

Заңдардың негізгі новеллаларын ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров ОКҚ брифингі барысында түсіндіріп берді.  

Қоғамдық бақылау мәселелері бойынша 10 заңға өзгерістер енгізілді Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

"Қоғамдық бақылау туралы" Заңның мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына барлық мүдделі тараптар, соның ішінде сарапшы-заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері тізімге енді. Құжат тиісті салаларда қоғамдық бақылау жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінің нормаларын сәйкестендіруге бағытталған", - деді вице-министр. Ол сондай-ақ, қоғамдық бақылау мәселелері бойынша ілеспе заңмен таныстырып өтті.

Сонымен қатар спикер, жалпы алғанда, "Су Кодексі", "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі", "Экологиялық Кодексі", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы", "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы", "Қоғамдық кеңестер туралы", "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", "Табиғи монополиялар туралы", "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде тілге тиек етті.

"Қоғамдық бақылау мәселелері бойынша қосалқы заң Қазақстанда оның жұмысының қарапайым және түсінікті тетігі бар петициялар институтын құруды көздейді. Қазақстан азаматтары өтінішті электрондық форматта "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесі арқылы немесе жазбаша өтініш түрінде бере алады. Азаматтардың сындарлы сұраныстарына жедел және тиімді жауап беру моделін құру туралы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының идеясы өзінің практикалық нұсқаларының бірін табады", - деп қосты спикер.

"Қоғамдық бақылау туралы" Заңы және қоғамдық бақылауға қатысты, соның ішінде петиция институтын реттеуге арналған заңнамалық түзетулер алғашқы ресми жарияланған күнінен 6 ай өткен соң күшіне енеді, яғни 2024 жылдың сәуір айынан бастап қазақстандықтар белгіленген тәртіппен қоғамдық бақылау жүргізеді және петицияларды онлайн тапсыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу