Көкшетауда 60 көшеге жаңа атау беріледі

1119

Көкшетауда 60 көшеге жаңа атау беріледі

Көкшетаудағы 60 көшеге жаңа атау беріледі. Облыс орталығындағы "Проезд 1, 2, 3" атаулары "Балбырауын", "Айдын", "Шұғыла" болып өзгереді. Ал, 40 лет Октября көшесін – Әлихан Бөкейхан, Мир көшесін Ыбырай Алтынсарин есімімен атау ұсынылып отыр. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Бұған дейін Көкшетау қаласы әкімдігінде бірқатар көшелерге биыл мерейтойлары атап өтілетін, ел дамуына еңбегі сіңген, Әлихан Бөкейхан, Ыбырай Алтынсарин, Баубек Бұлқышев, Хамит Ерғалиев, Қайым Мұхамедханов, Кәукен Кенжетаев сынды танымал тұлғалардың есімдерін беру жөніндегі ұсыныстар қоғамдық тыңдауда талқыланған. Онда есімін күллі ел танитын тұлғалар есімімен тым шағын көшелерді атаудың қолайсыздығы ескеріліп, тұрғындар ұсынысымен басқа көшелерге беру де қаперге алынды. Жаңа құрылыстарға байланысты қаланың бас жобасынан түсіп қалғалы отырған шағын көшелерді ардақтылар есімімен атағаннан гөрі, қолайлы уақытты күтіп, орнықты көшелерге бекіткен жөн деп келісті.

"Әрине, атауын өзгерту қажет көшелер жетерлік. Қала аумағы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Облыс орталығына қоныс аударушылар көп. Шеткі көшелердегі тұрғын үй массивтерінде үй салушылар көбейді. Соған байланысты көшелер саны да артты. Халық көшеге атау беру еректігін қала әкімінің кездесулерінде айтып жүр", – дейді қалалық мәслихаттың депутаты Еркін Исімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу